Бегімбет: «Таза Қазақстан» акциясы аясында шырша ағаштары отырғызылды
Шалқар ауданындағы Бегімбет ауылдық мешітінің имамы Нұрдәулет Әуезовтың ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауыл көркін абаттандыру мақсатында 15 шырша ағашы отырғызылды.
Игі бастамаға белсенді тұрғындар мен мешіт жамағаты қатысып, қоршаған ортаны таза ұстауға және ауылдың көркеюіне өз үлестерін қосты.
Мұндай игі бастамалар ауыл тұрғындарын тазалыққа, табиғатты аялауға және қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысуға үндейді. Отырғызылған көшеттердің жайқалып өсуі үшін алдағы уақытта күтім жұмыстары да жүргізілмек.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі





































