Бегімбет ауылында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызылды.
Шалқар ауданы, Бегімбет ауылдық мешітінің имамы Нұрдәулет Әуезовтың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Таза Қазақстан» акциясы аясында игі іс-шара ұйымдастырылды.
Акция барысында ауыл көркін абаттандыру мақсатында 15 шырша ағашы отырғызылды. Игі бастамаға Бегімбет ауылының белсенді тұрғындары мен мешіт жамағаты қатысып, қоршаған ортаны таза ұстауға және ауылдың көркеюіне өз үлестерін қосты.
Шара барысында қатысушылар табиғатты қорғаудың, қоршаған ортаны таза ұстаудың және туған жерді абаттандырудың маңыздылығын атап өтті.
Мұндай игі бастамалар ауыл тұрғындарын тазалыққа, табиғатты аялауға және қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысуға үндейді. Отырғызылған көшеттердің жайқалып өсуі үшін алдағы уақытта күтім жұмыстары да жүргізілмек.





































