Жамағатқа «Qamqor-Sharapat» орталығының жұмысы түсіндірілді 6295

Жамағатқа «Qamqor-Sharapat» орталығының жұмысы түсіндірілді

20 сәуір 2026 30 Оқу 1 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Қамқор-Шарапат» жобасы аясында Әл-Ләтиф мешіті бас имамы Рүстембек Аманғосұлы жамағатқа аталған жобаның маңызын түсіндіріп, насихат жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында жамағатқа «Қамқор-Шарапат» жобасына қатысты ақпараттық материалдар (инфографика) таратылып, мешіт ішіне ілінді.

Жобаның негізгі мақсаты – қабір зияраты мәдениетін біріздендіру, шариғат талаптарына сай тәртіпті қалыптастыру және қоғамда рухани жауапкершілікті арттыру.