Ақтөбе имамдары мен жамағат Аралға тал екті 6291

Ақтөбе имамдары мен жамағат Аралға тал екті

20 сәуір 2026 35 Оқу 1 минут

Аралда 1 500 түп сексеуіл отырғызылды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 35 жылдық мерейтойына орай экологиялық ахуалды жақсарту және жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру мақсатында «Таза Қазақстан» акциясы аясында Арал қаласында кең ауқымды «35 мың түп ағаш егу» республикалық жобасы өтті.

Шара барысында Арал теңізінің аумағында 1 500 түп сексеуіл көшеті отырғызылды. Ал соңғы 3 жыл ішінде өңірде жалпы саны 13 000 түп сексеуіл егілді.

Игі іске Түркістан, Ақтөбе облыстары мен Шымкент және Ырғыз қалаларынан келген имамдар мен «Қайырымдылық жаршылары» еріктілері белсене атсалысты.

Бұл бастама – табиғатты түлетуге, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға және туған жерге жанашырлық танытуға бағытталған маңызды қадам.