Қаланың Бас имамы құптан намазында «Бақытжан» мешіті жамағатымен кездесті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен “Ислам және адал қоғам” жылы аясында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Бас имамы Алмат Әли құптан намазында қалалық “Бақытжан” мешітінің жамағатымен жүздесіп, “Ислам және отбасы құндылығы” тақырыбында тағылымды насихат айтты.
Кездесу барысында Бас имам отбасы – қоғамның іргетасы екенін атап өтіп, ислам дінінде отбасы құндылықтарына ерекше мән берілетінін жеткізді. Ол өз сөзінде ер мен әйелдің бір-біріне деген жауапкершілігі, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі, сондай-ақ ұрпаққа дұрыс тәрбие беру – ұлт болашағының кепілі екенін тілге тиек етті.
Сонымен қатар, жамағатқа қазіргі қоғамдағы отбасы институтының маңыздылығы, ажырасудың алдын алу, өзара сыйластық пен мейірімділікті арттыру мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Бұл бағыттағы кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатыны айтылды.






































