Шағын футболдан қайырымдылық турнирі өтті
ҚМДБ жанындағы қайырымдылық жобасы аясында Ақтөбе жастары арасында шағын футболдан қайырымдылық турнирі өтті.
Іс-шараны Әл-Ләтиф мешітінің бас имамы Рүстембек Аманғосұлы және мешіт жамағатының қолдауымен ұйымдастырылды.
Турнирдің негізгі мақсаты – «Жақсылық жасаңдар, мейірімді болыңдар» аясында және Марат Елдос Жасұланұлының еміне қаржылай көмек көрсету болды.
Қайырымдылық шарасы нәтижесінде 200 000 теңге көлемінде қаржы жиналып, толықтай Марат Елдос Жасұланұлының есепшотына аударылды
Турнирге төмендегі командалар қатысты:
– «Сабындыкөл»
– «Ащысай»
– «Спарта»
– «Бауырлар»
– «Әл-Ләтиф» мешіті
Турнир қорытындысы бойынша:
🏆 «Үздік команда» – «Сабындыкөл»
Сондай-ақ, жарысқа қатысушыларға арнайы грамоталар мен медальдар табысталды.
Алла Тағала барша игі іске атсалысқан азаматтардың еңбегін қабыл етсін!













































