Жамағат «Жүрек дертінен» айығар ортақ жол іздеді 6293

Жамағат «Жүрек дертінен» айығар ортақ жол іздеді

20 сәуір 2026 21 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің асханасында әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен әйел жамағатына арналған «Жүрек дерттері» тақырыбында рухани кеш өткізілді.

Кеш Құран оқумен басталып, қатысушыларды ішкі тыныштыққа жетелейтін жылы атмосфера қалыптасты.

Бағдарлама аясында жамағатпен бірге жүрек тәрбиесіне бағытталған әсерлі бөлімдер өткізілді.

Алдымен қатысушылар жүректе кездесетін түрлі рухани дерттерді қағазға жазып, арнайы дайындалған жүрек макетіне орналастырды. Бұл әрекет адамның ішкі дүниесіне үңіліп, өз-өзіне есеп беруіне мүмкіндік берді.

Келесі бөлімде «Жүрегіме хат» атты жеке жұмыс жүргізіліп, әр қатысушы өз жүрегімен сырласып, ішкі ойларын қағаз бетіне түсірді. Бұл хаттар құпия сақталып, әр адамның жеке рухани толғанысына арналды.

Шара барысында жүрек дерттері, олардың себептері мен олардан арылу жолдары жайлы қысқаша уағыз айтылып, жамағат өзгеріске қадам жасауға шақырылды.

Кеш соңында барша қатысушылар бірге дұға жасап, жүректердің тазаруы мен тура жолға түсуін тіледі.

Аталған рухани кездесу жамағатқа терең ой салып, әрбір жанға өз жүрегіне үңілуге, өзгеріске ұмтылуға себеп болды.