«Айс-плюс» ЖШС сүт фабрикасында жоспарлы тексеру жүргізілді
Ақтөбе облысының жергілікті технолог маманы Ақмаржан Ержанқызы «Айс-плюс» ЖШС сүт фабрикасында жоспарлы тексеру жұмыстарын жүргізді.
Тексеру барысында кәсіпорынның өндірістік цехтары, шикізатты қабылдау және сақтау шарттары, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, сондай-ақ өнім өндіру процесі жан-жақты қаралды.
Тексеру нәтижесі бойынша кәсіпорн жұмысы оң бағаланып, өндіріс талаптарға сәйкес екені анықталды. «Айс-плюс» ЖШС ұжымы өнім сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын тұрақты түрде жалғастырып келеді.







































