«Отбасы Телепузик» отбасылық дәмханасына «QMDB Halal» халал куәлігі табысталды.
Ақтөбе қаласында орналасқан «Отбасы Телепузик» отбасылық дәмханасына «QMDB Halal» халал куәлігі табысталды. Куәлікті жұма күні Ақтөбе облысының бас имамы Садиев Амантай Әбілдаұлы салтанатты түрде тапсырды.
Аталған нысанда халал стандарттарының сақталуына байланысты толық тексеру жұмыстары жүргізілді. Аудит барысында кәсіпорынның өндірістік үдерістері, қолданылатын шикізаттары мен санитарлық талаптарды орындау деңгейі жан-жақты зерделенді.
Тексеру жұмыстарын жергілікті технолог маман Ақмаржан Ержанқызы жүргізіп, дәмхананың халал талаптары мен бекітілген стандарттарға толық сәйкес қызмет атқарып отырғанын растады.
Қазіргі таңда «Отбасы Телепузик» отбасылық дәмханасы тұтынушыларға халал талаптарына сай сапалы қызмет көрсетуде. «QMDB Halal» жүйесі аясындағы бақылау және мониторинг жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.






































