Облыстың Бас имамы «Жастар ісі» секторы өкілін марапаттады 6456

Облыстың Бас имамы «Жастар ісі» секторы өкілін марапаттады

15 маусым 2026 59 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев өңірдегі жастармен жүргізіліп жатқан рухани-ағартушылық жұмыстарға жоғары баға беріп, Ақтөбе облысы бойынша «Жастар ісі» секторының жауапты өкілі Аслан Дәуірханұлыне арнайы ұлттық «Tarbiya» брендінің шапанын жауып, құрмет көрсетті.

Марапат жастар тәрбиесі, рухани құндылықтарды насихаттау, діни-ағартушылық шараларды ұйымдастыру және жастармен жүйелі жұмыс жүргізудегі еңбегі үшін табысталды.

Ал Аслан Дәуірханұлы көрсетілген құрмет үшін алғысын айтып, жастармен жүргізілетін жұмыстарды одан әрі жандандыруға күш салатынын айтты.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі