«Адал» дәмханасында "ХАЛАЛ ДАМУ" тексеру жұмыстары жүргізілді.
«Адал» дәмханасында «Халал Даму» мекемесінің технолог маманы Ақмаржан Ержанқызы тарапынан жоспарлы тексеру жұмыстары жүргізілді.
Аудит барысында дәмхананың өндірістік үдерістері, қолданылатын шикізаттар мен санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы тексерілді. Тексеру нәтижесінде кәсіпорынның халал талаптарына сәйкес қызмет атқаратыны расталып, халал куәлігі жаңартылды.
Тексеру қорытындысы бойынша Ақмаржан Ержанқызы кәсіпорын ұжымына жаңартылған халал куәлігін табыстап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.



































