Ақсақалдар алқасының жиыны өтті 6455

Ақсақалдар алқасының жиыны өтті

15 маусым 2026 23 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласында «Ислам және адал қоғам» жылы аясында «Қабақ баба» мешітінің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлының бастамасымен мешіт ақсақалдары, оның ішінде Қабақ баба руының басшыларымен кездесу ұйымдастырылды. 

Кездесу барысында жастар тәрбиесіне қатысты жүргізілетін іс-шаралар жоспары, тәрбие жұмысын жандандыру жолдары талқыланды.

Жиында жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтар мен имани тәрбиені сіңіру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету секілді ізгі қасиеттерді насихаттаудың маңыздылығы айтылды. Сондай-ақ ақсақалдардың өмірлік тәжірибесі мен өнегелі ақыл-кеңестерінің жастар тәрбиесіндегі орны ерекше екендігі атап өтілді және де пәтуа кітаптары таныстырылды.

Қатысушылар мешіт пен қоғамның өзара байланысын нығайтып, өскелең ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беру мақсатында бірлескен кездесулер мен тағылымдық шараларды тұрақты түрде өткізу жөнінде пікір алмасты.

Шара қортындысында ақсақалдар жастар тәрбиесіне қатысты өз ұсыныстарын білдіріп, игі бастамаларға қолдау көрсететіндерін айтты.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі