Ұлы отан соғысы шейіттеріне Құран аяттары бағышталды
ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігіне қарасты қала, аудан мешіттерінде екінші дүниежүзілік "Ұлы Отан соғысы" кезінде шейіт болған ата-бабаларымыздың рухына Құран аяттары оқылып, сауабы бағышталды. Еліміз бен жамағаттың ауызбіршілігін, жеріміздің тыныштығы мен халқымыздың амандығын тілеп, арнайы дұға жасалып, бата берілді.
Іс-шара барысында имамдар ата-бабаларымыздың ел мен жерді қорғаудағы ерлігі мен жанқиярлық еңбегін еске алып, олардың өнегелі өмір жолын кейінгі ұрпаққа насихат етудің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, бейбіт өмірдің қадірін білу, Отанға деген сүйіспеншілік, бірлік пен татулық секілді асыл құндылықтарды сақтау әрбір азаматтың парызы екендігі айтылды.
Жамағат марқұм болған барша жауынгерлердің рухына дұға жасап, елдің тыныштығы мен берекесінің мәңгі болуын тіледі.

















































