Шәкірттер «Ақида» пәнінен емтихан тапсырды
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен діни оқу-ағарту бағыты бойынша сауат ашу курсының шәкірттеріне Ақида пәнінен аралық бақылау өтті.
Бақылау жұмысы «Иман негіздері» кітабының мазмұны бойынша өткізіліп, шәкірттердің сенім негіздеріне қатысты алған білімдерін пысықтау мен бағалауға бағытталды. Аралық сынақ барысында қатысушылар иман шарттары, исламдағы сенім мәселелері және ақида ғылымының негізгі тақырыптары бойынша сұрақтарға жауап берді.
Аталған бақылауға жалпы саны 35 шәкірт қатысып, өздерінің дайындық деңгейлерін көрсетті.
«Емтихан мақсаты – шәкірттердің діни білімдерін жүйелеп, сенім мәселелерін дұрыс түсінуіне ықпал ету» деді ұстаздар.
Ұйымдастырушылар білім алушыларға сәттілік тілеп, діни білім жолындағы ізденістерінің берекелі болуына дұға жасады. Сонымен қатар алдағы уақытта да шәкірттердің білімін жетілдіруге бағытталған түрлі оқу-танымдық іс-шаралар жалғасын табатынын атап өтті.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде өткізілетін дәрістер мен білім сайыстары шәкірттердің діни сауатын арттыруға және дәстүрлі Ислам құндылықтарын насихаттауға өз үлесін қосып келеді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі








































