Жас жұбайлардың некесі қиылды
«Дәстүр және отбасы» бағыты аясында Ақтөбе қаласындағы «Әл-Ләтиф» мешітінде жас жұбайлардың некесі қиылды.
Неке қию рәсімін мешіттің бас имамы Рүстембек Аманғосұлы жүргізіп, жас отбасыға ізгі тілегін білдірді. Насихат барысында отбасының берекесі, ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген жауапкершілігі, сыйластық пен татулықтың маңызы айтылды.
Ислам шариғатында неке – қасиетті келісім әрі ұрпақтың тазалығын, тектілігін сақтайтын маңызды құндылық. Сондықтан мұсылман қауымы ақ некеге ерекше мән беретіндігіне тоқталды.
«Алла Тағала жас жұбайларға баянды бақыт, мол ризық-несібе және иманды ұрпақ нәсіп етсін!» деп дұға етті.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі





































