«Ақтөбе» медресе-колледжі 16-ші түлектеріне диплом табыстады 6465

«Ақтөбе» медресе-колледжі 16-ші түлектеріне диплом табыстады

19 маусым 2026 33 Оқу 1 минут

«Ақтөбе» медресе-колледжі түлектерінің бітіру кеші өтіп, 14-ші түлектеріне диплом табысталды. Салтанатты шараға Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев, аталған рухани білім ордасының директоры Ерік Сұлтанов, түлектер, ұстаздар мен ата-аналар қатысты.

Облыстың Бас имамы түлектерге білім жолының басты мақсат-міндетін айтып, ел дамуында дінге қызмет етуге шақырды. «Құранда Алла Тағала баяндайды: «Иман келтіргендердің және де білім бергендердің Алла Тағала дәрежесін көтереді». Бұл білім дегеніміз – Алланың берген нұры. Бізді қараңғылықтан жарыққа алып шығатын, жол көрсететін, адасудан сақтап қалатын бірден бір нәрсе ол – Алла Тағаланың берген білімі. Медресенің ең бірінші мақсаты – мешіттерді имамдармен қамтамасыз ету екенін ұмытпағайсыздар.

Биыл оқу ордасынан 52 шәкірт бітіріп, оның 14-і ҚМДБ төарағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бұйырығымен имамдық қызметке тағайындалып жатыр.

Жас түлек, диплом алу күні құтты болсын! «Ақтөбе» медресе-колледжі дін жолына мамандар дайындауда қызмет ете берсін! Ал шәкірттерді тәрбиелеп, білім беріп жатқан ұстаздарға Алла разы болсын!»,-деді Амантай Садиев. Шара оқу ордасындағы студент қаридың Құран оқып, облыстың Бас имамы Амантай Садиевтің батасын жасаудан басталды.

Сонымен қатар бұл кеште медресе-колледждің директоры Ерік Сұлтанов: «Құрметті ата-аналар, ұстаздар, бітіруші түлектер! Үш-төрт жыл бойы ілім алып, медресенің табалдырығын аттағалы отырсыздар. Үлкен өмірге жолдама алғандарыңыз құтты болсын! Сіздер Алла қаласа облысымызда діннің таралуына үлес қосады деп өзім сенемін. Түлектер, қадамдарыңыз оң болсын! Жамағатымызға асыл дінімізді насихаттай беріңіздер. Жолдарыңыз болсын, сәттілік сіздерге!», -деп құттықтады.

Сонымен қатар салтанатты шарада шәкірттерге құрметті қонақтар диплом мен қатар жұмысқа орналасу туралы Бас мүфтидің бұйрығын табыс етті. Одан өзге бітіру кешінде шәкірттер ғибратқа толы қойылым қойып, ата-аналар ұстаздарға ерекше алғыстарын айтты әрі сыйлықтарын табыстады. Айта кетсек, биыл 52 түлек бітіріп, оның 10-ы үздік атанды. Ал 14-і мешіттерге қызметке жіберілді.


Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі