30 Шәууәл
Қобда: Ұлттық құрылтайда көтерілген дін мен дәстүр мәселесі насихатталды 4369

Қобда: Ұлттық құрылтайда көтерілген дін мен дәстүр мәселесі насихатталды

25 наурыз 2025 78 Оқу 1 минут

Қобда ауданы, Егіндібұлақ ауылындағы «Бақыт анна» мешітінде Ұлттық құрылтайда көтерілген дін мен дәстүр мәселесі насихатталды. 

Ұлттық құрылтайдың отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дінге қатысты маңызды мәселелерді көтерді. Президент көтерген басты екі мәселе – теріс бағыттағы діни идеология мен қазақ әйелдерінің қара жамылғы киюіне байланысты болды.

Аудан имамы Абай Шымболатов пен ауыл имамы Рустам Шалим осы екі мәселені жастарға ашықтап түсіндірді .

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі