Мұғалжарда әйел жамағатына білім сайысы өтті
Қасиетті Рамазан айында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жоспарына сай Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешітінің әйел жамағаты арасында 30-шы параның тәпсірі «әт-Тафсир әл-Мунир» кітабынан және ақидадан Аллаға иман бабы бойынша білім жарысы өтті.
Мешіт ұстаздары Гүлнұр Әбжамиқызы және Жанат Орынбасарқызы ұйымдастырған жарысқа 20-ға жуық шәкірті қатысты. Сайысқа қатысып белсенділік танытқан 3 шәкірт ынталандыру сыйлығымен марапатталды. Ал жүлделі орын иегерлеріне ақшалай сый сияпат жасалды.
Атап айтсақ 3- ші орын иегерлері Сейдуллаева Гүлнұр және Едігеева Самал 7 мың теңгелік қаржылай сертификатқа ие болды. 2-ші орын иегері Тұрсынбайқызы Айжанға 10 мың теңгелік қаржылай сертификат және 1-ші орын иегері Сапарбайқызы Замираға 20 мың теңгелік ақшалай сыйлық табысталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі