Қобдада 35 аяқ киім үлестірді
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жылдық жоспарына сәйкес имамдар қоғамда ізгі ампл мен қайырымдылық жасауды одан әрі жүйелі түрде жалғастыруда. Қасиетті рамазан айында діни басқарманың 35 жылдығына орай Қобда ауданындағы «Шәріп молда» мешітінің ұйымдастыруымен 35 адамға аяқ киім үлестірді.
Аталған аяқ-киімдер мешіт қызметкерлерімен мұқтаж жандарға таратылды. Игі іске жеке кәсіпкер демеушілік болды. Дін жанашырларына Алла разы болсын.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі