«Сүлеймен ата» мешіті: Әйел жамағатына ауызашар берді
Ақтөбе қаласындағы «Сүлеймен ата» мешітінде әйел жамағатына ауызашар өтіп, оған 20 әйел қатысты.
Мешіт ұстазы Исаева Алтынай Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Тарауық» намазын қалай оқыған, не үшін жиырма ракат оқимыз деген тақырып аясында уағыз айтып, әйелдер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Ал «Ихсан» орталығының ұстазы Саулеканова Айдана «Рамазан айының қадір-қасиеті» туралы тоқталды.
Сонымен қатар, әйелдермен «діни терминдер» деп аталатын ойдың жүйрік болуына көмектесетін ойын ойнатылды. Шара соңында жамағатқа «Рамазанға қатысты 200 сұрақ» кітабы таратылды. Ақ жаулықты әжелер ұйымдастырушыларға ақ батасын беріп, разылығын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі