2 Зул-Қағда
Ақтөбе: «Рамазан қоржыны» 55 отбасыға сыйланды 4367

Ақтөбе: «Рамазан қоржыны» 55 отбасыға сыйланды

25 наурыз 2025 69 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде «Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясы аясында 55 отбасыға көмек көрсетілді.

Шараның басты мақсат— қасиетті айда көмекке мұқтаж, әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларға демеу беріп, қолдау көрсету.

Рамазан айында жасалған әрбір істің сауабы еселенетінін ескерсек, аяқталуға жақын қалған бұл айда барынша жақсылықта жарысып қалу әр мұсылман баласының міндеті. Себебі, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) :«Жанындағы көршісінің аш жатқандығын біле тұра өзі тоқ болып жатқан адам маған нақ иман келтірген емес» – дейді.Яғни қандай жағдай болмасын көмекке мұқтаж жандарды бей-жай қалдыру дінімізге жат. Осындай ниетті әрдайым назарда ұстайтын қолы ашық жомарт азаматтар, түрлі шаруашылық бұйымдарымен демеушілік жасап, қаншама отбасының қуанышына себеп болды.

Алла Тағала аталған шараға атсалысқан барша азаматтарға разы болып, мол сауаптан жазғай!

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі