Хромтауда ерлер жамағатына Құран жарысы өтті
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бекіткен Рамазан айындағы жоспарына орай, Хромтау аудандық «Нұр» мешіті мен «Болашақ жолы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Хромтау қаласының ерлер жамағаты арасында «Рамазан – Құран түскен ай» атты Құран жарысы өтті.
Аталған байқауға қатысушылар 2 номинация бойынша атап айтқанда, Құраннан бір пара жатқа оқу және Құранды мәнерлеп оқудан қатысты. Құран байқауын Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің Бас имамы Ерік Қонақбайұлы ашып, Рамазан айының қадір қасиетті туралы айтып, осы айда Құран Кәрімді оқу мен жаттау сауабына тоқтала келе, қатысушыларға сәттік тіледі.
Сайыста Әйтеке би ауданының бас имамы Тілес Ғабидолла және Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің наиб имамы Абдуллин Мейрбек қазылық етті. Додаға қатысқан 22 ер жамағатының ішінен озып шыққан алты адам анықталды.
САЙЫС ҚОРТЫНДЫСЫ БОЙЫНША:
Құранды жатқа оқудан: І орынмен Қуатжанов Ғалым, ІІ орынмен Шиналиев Теміржан, ІІІ орын – Мырзагулов Мирас жеңімпаз болды. Құранды мәнерлеп оқудан: І орынды Мажит Армар, ІІ орынды Сұлейман Саламат, ІІІ орынды Қадиржанов Амир иеленіп, ұйымдастырушылардың атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды
Жарыс соңында Әйтеке би ауданының бас имамы Тілес Ғабидолла Рамазан айы ораза парыз болуымен қатар, адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілгендіктен осы айда Құран Кәрімді хатым ету және жаттау мол сауапқа кенелтетін амал екенін түсіндіріп қатысушыларға рахметін айтып, шексіз сауапты амалға мұрындық болған ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, игі шараға жиналған қауымға «Рамазанға қатысты 200 сұрақ» кітабын сыйлады.
Ал әділқазы мүшесі «Нұр» мешітінің наиб имамы Абдуллин Мейрбек қатысушылардың дайындығы туралы айтып өтіп, «Бүгінгі сайыс – Құранға деген махаббаттарыңыздың жемісі, сайыстардың алғашқы сатысы»,- деп жігерлендірді.
Жарыс соныңда «Нұр» мешітінің ондық ақсақалы Ұстабаев Надырхан ақбатасын беріп, дұға тілек білдірді
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram