19 Зул-Қағда
Хромтау: «Менің алғашқы оразам» атты эссе байқауы өтті 4368

Хромтау: «Менің алғашқы оразам» атты эссе байқауы өтті

25 наурыз 2025 89 Оқу 1 минут

 ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіндегі «Ақпарат» бөлімінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде «Менің алғашқы оразам» атты эссе байқауы өтті. 

Байқаудың мақсаты – қасиетті Рамазан айының қадір-қасиетін арттыру, ғибратты, оқиғалы шығармалар арқылы оқырмандарға ораза ұстаудың мән-маңызы мен түпкі ниетін түсіндіріп, Құран түскен қадірлі айдың құндылығын насихаттау.

Додаға кез-келген жастағы ниет білдіруші ер және әйел жамағаты қатысып, бақтарын сынады.

Шара барысында қатысушылар өз өмірінен өткен оқиғалар желісі бойынша және алғашқы ораза ұстағандағы әсерімен «Менің алғашқы оразам» тақырыбында эссе жазды. Ал эссені тексеріп, әділ бағасын беріп, төрелік еткен Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Ерік Қонақбайұлы жамағаттың ой өрісінің тереңдігін атап өтті.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі 1 орынды Сейтиметов Ержан 50.000мың тг, 2 орынды Әйгерім Русланқызы 30.000мың тг, ал 3 орынды Мерлан Ерланұлы 20.000мың тг жеңіп алды. Сонымен қатар жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі