Темірде 400 000 теңге зекет мұқтаж отбасыларға үлестірілді
Рамазан айы қарсаңында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бекіткен жоспарына сай Темір аудандық “Досжан Ишан” мешітінде «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық шарасы өтті.
Кәсіпкер Қалданов Базаралы 400 000 теңге зекетін мұқтаж отбасыларға үлестіріп берді.
Айта кетер болсақ, аудан кәсіпкері басқа да мұқтаж жандарға зекет үлестіріп, мұқтаж жандарды қуанышқа бөледі.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі