25 Зул-Қағда
Ақтөбе қалалық орталық мешітінде Наурыз көже таратылды 4379

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде Наурыз көже таратылды

26 наурыз 2025 44 Оқу 1 минут

Көктем мезгілінің алғашқы мерекесі Ұлыстың ұлы күніне орай ауызашарға жиылған жамағатқа арнайы наурыз көже пісіріліп, таратылды. 

Қар еріп, күн жылытып, маусымдық өзгерістер басталатын наурыз айында мешіт ұжымы көпшілікке ерекше жылулықпен жеті түрлі дәмнен дәм таттырып, ораза ұстаушылардың риясыз алғысына бөленді.

Сондай-ақ “Ынтымақ пен бірлік барлық істің берекесі” тақырыбында уағыз-насихат айтылып, отбасыдағы татулықтан бастап, қоғамдағы ауызбіршілікті сақтаудың маңыздылығы мен құндылығы туралы насихатталды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі