14 Зул-Қағда
Мәртөкте қазақтың дәстүрі жаңғырды: бүлдіршіннің тұсауы кесілді 4372

Мәртөкте қазақтың дәстүрі жаңғырды: бүлдіршіннің тұсауы кесілді

25 наурыз 2025 93 Оқу 1 минут

Қазақ халқының ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан игі дәстүрі – тұсаукесер рәсімі Мәртөк ауданында қайта жаңғырды. Жергілікті мешітте Мұхаммад есімді бүлдіршіннің тұсаукесері өтіп, оның алғашқы қадамдарына ақ жол тілеген ізгі шара ұйымдастырылды.

Тұсаукесерде ақ жаулықты әжелер баталарын беріп, ұлттық дәстүрге сай баланың тұсауы кесілді. Жиналған жұртшылық сәбиге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр мен сәттілік тіледі.

Осындай игі дәстүрлердің жаңғыруы – қазақы салт-сананың, ұлттық тәрбиенің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуының жарқын көрінісі.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі