10 Зул-Қағда
«Қабақ баба» мешіті мектеп оқушыларын Наурызбен құттықтап, сыйлық жасады 4370

«Қабақ баба» мешіті мектеп оқушыларын Наурызбен құттықтап, сыйлық жасады

25 наурыз 2025 72 Оқу 1 минут

Ұлттық дәстүрімізді насихаттайтын, төл мерекеміз наурыз мейрамы Ақтөбе қаласы Заречный-3 елді мекенде орналасқан білім беретін №61орта мектебінде өткізілді осыған орай Ақтөбе қаласы «Қабақ баба» мешіті мектеп оқушыларын қуантты.

Атап айтқанда жалпы білім беретін №61орта мектебінің ұйымдастыруымен өткен ұлттық спорт сайыстарында үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға ақшалай сый-сияпат тарту етті. Жасөспірімдер асық ату, қол күрес, күрес, тоғызқұмалақ бойынша өз күштерін ортаға салып, ептіліктерін көрсетті.

Сондай-ақ мешіттің бас имамы оқушыларға ұлттық құндылықтардың, елге шынайы жан ашып,қызмет ету туралы түсіндіре өтіп, ұйымдастырылған іс-шара үшін мектеп ұжымына ыстық лебізін білдірді. Мектеп басшысы Майра Мұхидоллақызы аталған игі бастамаға демеушілік танытқан «Қабақ баба» мешітінің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлына алғысын білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі