РАНТ мүшесі «Мирный» карьерін тамашалады
Хромтау ауданының Бас имамы Марал Иманғали РАНТ мүшесі Жандос Орынбайұлын Хромтау қаласының аумағындағы тарихи-мәдени нысандармен таныстырды.
Сол нысандардың бірі – «Қазхром» ТҰК АҚ-на тиесілі «Мирный» карьері. 1985 жылы ашылған бұл ірі өндірістік орын еліміздің тау-кен саласындағы маңызды нысандардың қатарында саналады. Карьерде қазу жұмыстары 2012 жылдың ақпан айында басталған. Ондағы хром кенінің қоры 9 миллион 336 мың тоннаны құрайды. Ал хром оксидінің мөлшері 48,4 пайыз деңгейінде. Карьердің тереңдігі 200 метрге дейін жетеді.
Кездесу барысында Бас имам Марал Иманғали өңірдің тек өндірістік қуатымен ғана емес, рухани-мәдени құндылықтарымен де ерекшеленетінін атап өтті. Өз кезегінде Жандос Орынбайұлы Хромтау өңірінің даму тарихы мен бүгінгі жетістіктеріне оң баға беріп, мұндай танымдық кездесулердің маңыздылығын атап өтті.









































