Кәсіпкер Алла үйі қызметкерлеріне зекет үлестірді
Дініміз Исламдағы аса мән беретін құндылықтардың бірі- қоғамға пайдалы болу. Әрі мұсылман бауырыңның қажетінде болып, бауырмалдықты насихаттау.
ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының жылдық жоспарына сәйкес мұқтаж отбасыларға көмек берумен қатар дін қыметкерлеріне де көңіл бөліп, бір реттік жәрдемақы, қайырымдылық жасау ісі де жоспарға қойылған болатын.
Осыған орай, осындай мұсылмандық негізгі міндеті мен өзінде барды өзгелермен бөлісетін қазақилық болмысын сақтаған өңірлік кәсіпкер апайымыз мешіт қызметкерлеріне қолдау ретінде зекет берді.
Өзінің бұл игі ісі көпке үлгі болсын деген мақсатпен әрі халықтың руханиятын көтеріп, ел үшін аянбай қызмет атқарып жүрген азаматтарға жылы лебізім деп, 7 қызметкерге жалпы соммасы 500 мың теңгені құрайтын қаржылай көмекті табыс етті.
Қолы ашық, жаны жомарт ағаларымыздың отбасына амандық, деніне саулық, кәсібіне береке тілейміз! Алла тағала сансыз сауаптар нәсіп еткей!











































