Ойылда «Рухани кітап» айлығы аясында «Ихсан» оқырмандар клубы белсенді кітап оқуда 6296

Ойылда «Рухани кітап» айлығы аясында «Ихсан» оқырмандар клубы белсенді кітап оқуда

20 сәуір 2026 16 Оқу 0 минут

Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты Ойыл аудандық мешітінің бас имамы Қызыр Бақжарықтың ұйымдастыруымен ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен "Айтулы шаралар" жобасы аясында «Рухани кітап» айлығы өткізілді.

Шараның басты мақсаты – жамағат пен жастар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, діни және рухани сауаттылықты көтеру болды. Жоспарға сәйкес аудандық мешіт жанынан құрылған "Ихсан оқырмандар клубы" әр жексенбі сайын бас қосып, Бас мүфтидің «Ихсан – рухани тәрбие негізі» еңбегін ортақ талқылауға және түсінуге бағытталған тұрақты оқу отырыстарын өткізуде.

Кітап оқу – жеке дамудың ғана емес, парасат пен пайымның, жауапкершілік пен мәдениеттің мектебі екенін атап өткен бас имам Қызыр Бақжарық, оқыған шығармалардан алынған тағылымның өңірдегі рухани ахуалға оң әсер ететінін айтты.

Сонымен қатар, «Рухани кітап» айлығы аясында мешіт шәкірттері мен жамағат арасында үздік пікірталас, мазмұнды талқылаулар ұйымдастырылып, ең белсенді оқырмандар марапатталды. Мұндай игі шаралар тұрғындардың рухани дүниесін байытып, кітап оқу мәдениетін қайта жаңғыртуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып отыр.