Қобда мешіті ерекше балаларға «Жүгіру жолағын» сыйға тартты. 6297

Қобда мешіті ерекше балаларға «Жүгіру жолағын» сыйға тартты.

20 сәуір 2026 15 Оқу 1 минут

Қобда ауданының бас имамы Шымболатов Абай және ауданның бір топ азаматтары “Қобда ауданындағы психологиялық-педогогикалық түзеу кабинетіне” қолдау жасап, ерекше білім қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуге құрал-жабдық ретінде жүгіру жолағын сыйға тартты.

Мекеме меңгерушісі Калиева Ақзия жаңа жабдық сабақтын сапасын арттыруға, оқыту үшін қолайлы жағдай жасауға және әрбір баланың мүмкіндігін ашуға мүмкіндік беретінің айтып, алғыс хатпен марапаттап, рахметін айтты.