Ақтөбе: Облыс бас имамы «Нұр Мүбарак» университетін бітіруші түлектермен кездесті 6299

Ақтөбе: Облыс бас имамы «Нұр Мүбарак» университетін бітіруші түлектермен кездесті

21 сәуір 2026 95 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев Алматы қаласындағы «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде оқып жатқан Ақтөбелік бітіруші түлектермен кездесті.

Болашақ дін мамандарымен кездесу сапарына “Ақтөбе” медресе-колледжінің директоры Ерік Сұлтанов және Ақтөбе қаласы, №8 түзету мекемесінің қызметкері арнайы түлектермен кездесуге барды.

Облыстың бас имамы ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бекіткен бағдарлық баяндамасына орай түлектерді қызметке тарту жұмысының мақсатын толық түсінідірді. Еліміздегі мешіттерді жоғары білімді діни мамандармен қамтамасыз ету ісін күн тәртібіне қойылған болатын. Шәкірттерге білім алу, елге қызмет ету және діни қызметтің жауапкершілігі жөнінде тәжірибесімен бөлісті.

Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садиев студенттермен сүбелі сұхбат құрып, оларға 500 000 теңге ақшалай сертификат табыстады, Сондай-ақ Алла жолында оқып жатқан студенттерге кафеге апарып дастархан жайып берді. Кездесуде студенттермен діни қызмет арасында ортақ келісімшарт жасау мәселелері сөз болды. Бас имам жастарды өңірге діни қызметке шақырып, жас мамандарға қолдау көрсетілетіндігін жеткізді. Елге қызметті туған жерден бастау, ілімнің зекетін беру, еңбекте табанды болу жайлы ағалық ақыл-кеңестерін айтты. Жазғы уақытта өңір мешіттерінде іс-тәжірибеден өту арқылы біліктілігін шыңдауға қатысты ұсыныстар айтылды.

Ақтөбе облысындағы мешіттердегі діни мамандардың 48 пайызы жоғары білімді. Сол межені 60-70 пайызға көтеру көзделіп отыр. Қазіргі таңда 118 ақтөбелік «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениет университетінде оқып жатыр. Биыл 25 Ақтөбелік түлек аталған «Нұр Мүбарак» ислам университетін бітіретін болады.

Кездесу қортындысында түлектер діни қызмет туралы сұрақтар қойып, толыққанды тұшымды жауап алды.