Ақтөбелік қари республикалық Құран жарысында 4 орын иеленді
Бүгін XV республикалық Құран жарысында Ақтөбелік қари Бекзат қари Тасболатов (толық Құран 30 парадан ) 4 орын иегері атанды. Жалпы Құран жарысына 20 өңірден 9 жас пен 30 жас аралығында 4 номинация бойынша 80 қари қатысты.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Ақтөбеде өтіп жатқан ХV республикалық Құран Кәрім байқауында ақтөбелік қаридың 4 орын иеленуі – өңір үшін үлкен мақтаныш.
Айта кетсек, бұл байқауда номинациясы бойынша 4 орында қомақты ақшалай сыйлықтар (толық Құранды жатқа оқудан 2 000 000 теңге) берілді.
Жеңімпазды ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен бас демеуші, белгілі кәсіпкер, дініміздің жанашыры Бахаридин Нұғманұлы марапаттады.
Бекзат қари Тасболатовты ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі атынан құттықтаймыз!
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі







































