БАС МҮФТИ ДОСЖАН ХАЗІРЕТ МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІН АРАЛАДЫ 6668

БАС МҮФТИ ДОСЖАН ХАЗІРЕТ МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІН АРАЛАДЫ

06 қыркүйек 2026 14 Оқу 1 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына жасаған сапарында Темір ауданына арнайы барып,  Досжан ишан Қашақұлының кесенесіне зиярат жасап, баба рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады.

Айта кетсек, «Хазірет Дос­жан ишан Қашақұлы (1815-1890) – діни ұстаз-ағартушы, ірі ойшыл, өз дәуіріндегі қоғамдық және елдік мүдделерге етене араласқан қоғам қайраткері. Азан шақырып қойылған есімі – Досмұхаммед, бірақ ел аузында Досжан, Досеке, Дошеке аталып кеткен. XIX ғасырда қазақтардың Мекке-Мәдина шаһарларына қажылық парызын өтеуіне көп ықпал еткен. Мешіт пен медресе салып, көптеген шәкірт тәрбиелеген.