Қарилар «Мұнара» телеарнасына сұхбат берді
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласындағы облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде қасиетті «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу» бойынша ХV республикалық байқауы басталды. Жарыс барысында ақтөбелік қари 20 парадан қатысушысы Мырзабаек қари Хамитов пен 30 парадан қатысушы қызылордалық Нұртілеу қари Серікұлы «Мұнара» телеарнасы мен өңірдегі БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
Қарилар сұхбат барысында жарысқа дайындықтары мен қарилық жолы туралы айтты.
Айта кетсек, Құран жарысы екі күн өтеді. Жалпы 20 өңірден 9 жаспен 30 жас аралығында 80 қари қатысып жатыр. Бүгін он және жиырма пара, және мәнерлеп оқудан 60 қари бақ сынауда. Әділқазылар құрамында ҚМДБ «Құран» секторының жетекшісі, республикалық «Нұрсұлтан» мешітінің наиб имамы Серік қари Ахмет, Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Жұманазар қари Садырханов, Астана қаласындағы «Ижаза» орталығының меңгерушісі Теміржан қари Муратов, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Бекжан қари Әлденов, Қостанай облыстық мешітінің ұстазы Мұртаза қари Балахмет бар.
Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі



































