Темір: Бас мүфти жаңа мешіттің құрылысымен танысты 6663

Темір: Бас мүфти жаңа мешіттің құрылысымен танысты

06 қыркүйек 2026 28 Оқу 1 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына барған сапарында Темір ауданында салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты.

Бас мүфти мешіттің құрылыс сапасына, көлік тұрағына, құрылыс жұмысының жоспарланған мерзімде аяқталуына назар аударды.

Айта кетсек, демеушілер мен ерікті жандардың көмегімен салынып жатқан мешіт құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Құлшылық үйінде бір мезетте 1500 адам намаз оқи алады.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі