БАС МҮФТИ «МҰНАРА» ТЕЛЕАРНАСЫНА СҰХБАТ БЕРДІ 6658

БАС МҮФТИ «МҰНАРА» ТЕЛЕАРНАСЫНА СҰХБАТ БЕРДІ

05 қыркүйек 2026 40 Оқу 1 минут

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласындағы облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде қасиетті «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу» бойынша ХV республикалық байқау басталды.

Шараны ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ресми ашып, қариларға сәттілік тіледі.

Салтанатты ашылу рәсімінен кейін ҚМДБ төрағасы республикалық «Мұнара» телеарнасы мен өңірдегі БАҚ-ға сұхбат берді.

Сұхбат барысында ХV республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша байқаудың мақсаты мен міндеттеріне тоқталды.

Айта кетсек, Құран жарысы екі күн өтеді. Жалпы 20 өңірден 9 жаспен 30 жас аралығында 80 қари қатысып жатыр. Бүгін он және жиырма пара, және мәнерлеп оқудан 60 қари бақ сынауда. Әділқазылар құрамында ҚМДБ «Құран» секторының жетекшісі, республикалық «Нұрсұлтан» мешітінің наиб имамы Серік қари Ахмет, Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Жұманазар қари Садырханов, Астана қаласындағы «Ижаза» орталығының меңгерушісі Теміржан қари Муратов, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Бекжан қари Әлденов, Қостанай облыстық мешітінің ұстазы Мұртаза қари Балахмет бар.

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі