Ақтөбеде Бас мүфтидің қайырымдылық керуені өтті 6666

Ақтөбеде Бас мүфтидің қайырымдылық керуені өтті

06 қыркүйек 2026 10 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу» бойынша XV республикалық байқауына орай «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілінің ұйымдастыруымен ҚМДБ төрағасы, Бас мүфтидің қайырымдылық керуені өтті. Сауабы мол игі шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты. 

«Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған айы – қасиетті Мәуліт айында өздеріңізді қуантайық деген ниетпен алдарыңызға келіп отырмыз. Мәуліт мерекесіне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты әрбір өңірдегі мешіттерде арнайы мерекелік сыйлықтар таратылуда. Алла әрқашан қуанышта жүруді нәсіп етсін. Кішкентай балапандарыңыз ертең өскенде елге қызмет ететін, өзгелерге көмектесетін бауырмал тұлға болсын. Шаңырақтарыңыздан шаттық кетпесін» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Шара барысында жаны жомарт дін жанашырларының демеушілігімен аз қамтылған, көп балалы, мүмкіндігі шектеулі 300 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді. Отбасы мүшелері Бас мүфти мен имамдарға және дін қызметкерлері, демеушілерге алғысын білдіріп, республикалық "Мұнара" телеарнасына сұхбат берді.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі