Ақтөбеде «Досжан Хазірет тағылымы және ұлттық руханияттың сабақтастығы» атты республикалық конференция өтті 6655

Ақтөбеде «Досжан Хазірет тағылымы және ұлттық руханияттың сабақтастығы» атты республикалық конференция өтті

05 қыркүйек 2026 70 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Досжан Хазірет тағылымы және ұлттық руханияттың сабақтастығы» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті. Игі шараға ҚМДБ төрғасы, зиялы қауым өкілдері, дін мамандары, ғалымдар БАҚ өкілдері, т.б  жалпы 250 адам қатысты. 

Конференцияда ҚМДБ жанындағы Ислам институтының директоры, филология ғылымдарының доценты Қыдыр Төрәлі модератор болды. Руханиятқа жол бастаған шара әнұранмен басталды.

Республикалық ғылыми-танымдық конференцияда ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы баяндама жасады.

«Досжан хазіреттің мұрасын жастар тәрбиесіне тиімді пайдалану аса маңызды деп санаймын. Бүгінде тарихи тұлғалардың өнегесін жас ұрпаққа жеткізудің маңызы өте жоғары. Жастар тек қазіргі заманның ақпаратын ғана емес, өз халқының рухани тарихын да білуі керек. Өз тарихын білген ұрпақтың ұлттық санасы берік болады. Өзінің рухани тамырын таныған жастарымыз жат ағымның жетегіне оңай ермейді. Дінін дұрыс таныған жас буын өкілдері дінді қоғамнан бөліну үшін емес, қоғамға пайда келтіру үшін ұстанады» - деді Бас мүфти.

Сонымен қатар Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы Дәурен Қуаныш діни басқарманың бүгінгі айтулы шарасы ғылыми ізденістер мен зерттеу еңбектер ұлттық тарихымыздың әлі де толық зерделенбеген тұстарын ашуға, құнды деректерді ғылыми айналымға енгізуге және тарихи мұраны кейінгі ұрпаққа жеткізуге қызмет ететінін айтты.

Одан өзге Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, тарих ғ.д. Бекназаров Рахым «Мешіттердің сәулет өнері арқылы дін тарихының зерттелуі: Ақтөбе материалдары негізінде» тақырыбында, ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор Сатершинов Бақытжан «XIX ғ. Қазақ даласындағы ислам және Досжан хазіреттің діни қайраткерлігі» тақырыбында, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Сәрсембин Үмбетқан «Досжан ишан және ел мәдениетіндегі діни тұлғалар тағылымы» тақырыбында, ҚМДБ жанындағы Ислам институтының директоры, филология ғылымдарының доценты Қыдыр Төрәлі «Дәстүрлі қазақ руханияты және Досжан ишан» тақырыбында, филолог-өлкетанушы Абдуллина Жібек «Досмұхамбет (Досжан) ишан Қашақұлының ізгілікті ізі – ұрпақ жадында» тақырыбында, Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми қызметкері, Археология және этнология магистрі Мамедов Аслан «Досжан Хазірет кешенінің археологиялық зерттеу жұмыстары» тақырыбында, Ақтөбе қалалық жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарих пәні мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі Жұбаныш Райымбек «Темір өңіріндегі діни тұлғалар және Досжан Хазірет» тақырыбында зерттеу нысанының маңыздылығына тоқталып, тың деректер ұсынды.

Шара қортындысында Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисоваға. Ақтөбе облыстық тарихи-өлкентану музейінің директорв Мейрам Дүйсенғалиға, «Досжан Хазірет» мемориалдық кешенінің меңгерушісі Ерлан Көшеновке, «Досжан Хазірет» кешенін салуға үлкен үлес қосқаны үшін Серік Сағындықовқа Бас мүфти атынан алғыс хат табысталды.

Конференцияға қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, руханият көкжиегіндегі Досжан Хазірет тағылмы жан жақты толыққанды қамтылған тың конференция болды деп бағасын берді. Досжан Хазіретке арналған арнайы көрме ұйымдастырылды.

Конференцияда баяндама жасаған спикерлер республикалық «Мұнара» телеарнасы мен өңірдегі БАҚ-қа сұхбат берді. Ал баяндамалар алдағы уақытта жинақ ретінде жарық көреді.

РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН САПАР: БАС МҮФТИДІҢ ІССАПАРЫ \ Мұнара телеарнасы \ Арнайы репортаж https://www.youtube.com/watch?v=NnSNj3d3fpQ 

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі