25 Зул-Қағда
ХРОМТАУ: «ДІН МЕН ДӘСТҮР ІІІ» КІТАБЫ БОЙЫНША ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР АРАСЫНДА САЙЫС ӨТТІ 4451

ХРОМТАУ: «ДІН МЕН ДӘСТҮР ІІІ» КІТАБЫ БОЙЫНША ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР АРАСЫНДА САЙЫС ӨТТІ

23 сәуір 2025 718 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторы Хромтау қаласы бойынша «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүр III» кітабынан әйел-қыздар арасында жарыс өтті.

Іс-шараны ҚМДБ Хромтау аудандық “Нұр” мешітінің бас имамы Ерік Қонақбайұлы ашып, алғы сөз сөйледі. Жарысқа тұрғылықты жамағат пен апа-әжелер қатысып білімдерін, әрі өнерлерін ортаға салды. Дін мен дәстүрді ұштастыра білген сайыскерлерді әділқазы мүшелері 8 түрлі номинациямен марапаттады. «Нұр» мешітінің бас имамы қатысушыларға алғысын айтып, бағалы сыйлықтарын табыстады.