24 Зул-Қағда
РАНТ мүшесі отбасы құндылығын насихаттады 4442

РАНТ мүшесі отбасы құндылығын насихаттады

23 сәуір 2025 175 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы “Қайырлы таң, Ақтөбе” бағдарламасында қонақ болды. “Отбасы - өмір өрнегі” тақырыбында қозғалған мәселеге сәйкес Нұрлыбек Шакизадаұлы “Aqtobe “ телеарнасына берген сұхбатта отбасыдағы маңызды құндылықтар туралы сөз қозғап, дін мен дәстүрімізден алшақтап қалған себепті шаңырақтағы тәрбие көзінің ұлттық болмысымызға сай келмейтін, еуропаның таңсық салттарына еліктеуден көптеген түсініспеушіліктер туындап жатқандығын баса айтты. Оның үстіне, қазіргі қоғамда шала сауатты психолог,коуч секілді мамандардың қаптап кетуі де тиісті деңгейде отбасы берекесінің шайқалуына себеп болуда екендігін саралай өтті.

Отбасының ұйытқысын сақтап қалудың ең маңызды алғышарты өзіміздің ұлттық мәдениетіміз мен болмысымыздан ажырай, төл тәрбиемізді назарға алу екендігін және айтты.