19 Зул-Қағда
Имамдар түйткілді діни сұрақтарға жауап беруде 4444

Имамдар түйткілді діни сұрақтарға жауап беруде

23 сәуір 2025 569 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі мешіттерінде әр апта сайын жұма намазынан кейін Пәтуа сағаты ұйымдастырылып келеді. Осы жұмада қала, аудан, ауыл имамдары жамағаттың діни сұрақтарына толыққанды тұщымды жауап берді. Айта кетсек, сұрақ-жауап негізінде өтетін. Пәтуа сағаты облыс, қала, аудан, ауыл мешіттерінде де өтті.