«Бегімбет» мешітінің кілемдері ауыстырылды
Шалқар ауданы, Бегімбет ауылдық «Бегімбет» мешітінің кілемдері ауыстырылды.
Құлшылық ордасының жайнамаз кілемі осы уақытқа дейін қаншама мұсылманға қызмет көрсетті. Содан болар кейінгі кездері түсі өңіп, бастапқы реңін жоғалта бастады. Осыған байланысты ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен мешіттің өңін ашып, шырайын кіргізу мақсатында кілемдерін ауыстыру жайлы шешім қабылданды.
«Мешіт кілемін ауыстыру жайлы бастама мешітте құлшылық жасап, рухани ілім үйренуге келетін қалың бұқараның игілігі үшін қолға алынды» - дейді, Бегімбет ауылдық мешітінің имамы Нұрдәулет Әуезов.
Айта кетейік, кілемнің көлемі 150 шаршы метрді құрап, оған 1 500 000 теңге жұмсалды.