26 Зул-Қағда
Ақтөбе имамдары кітап күнін насихаттап, білім алуға шақырды 4440

Ақтөбе имамдары кітап күнін насихаттап, білім алуға шақырды

23 сәуір 2025 63 Оқу 1 минут

Бүгін 23 сәуір елімізде - Ұлттық кітап күні. Мұны Мемлекет басшысы былтыр Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында ұсынды. Мұндағы мақсат – қоғамда оқу мәдениетін қалыптастырып, озық ойлы мемлекетке айналу.

Осыған орай Ақтөбе облысына қарасты қала, аудан және ауылдық мешіттердің имамдары кітапханалар мен қоғамдық орындарда әртүрлі іс-шаралар өткізіп, кітап оқуды насихаттады.

«Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз», – деді Президент Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде.

Бүгінде облыста 233 кітапхана, 74 ауылдық модельдік кітапхана, 30 коворкинг орталығы жұмыс істеп тұр.