16 Зул-Хиджа
Шалқар: «Жат ағым жарға жығады» атты кездесу өтті 4449

Шалқар: «Жат ағым жарға жығады» атты кездесу өтті

23 сәуір 2025 724 Оқу 1 минут

Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің имамы Асан Жетписбаев «№5 ЖОББМ» КММ-нің оқушыларымен «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында кездесу өткізіп, басқада діни сұрақтарға жауап берді.

Кездесу барысында имам ата-баба дәстүрімен біте қайнасқан Әбу Ханифа мәзһабының ерекшеліктері, қазақ елінен шыққан діни қайраткерлердің өмір тарихы мен діни ұстанымдарына тоқталып, жат діни ағымдардың белгілері мен олардан сақтанудың жолдарын көрсетті.

Аталған кездесуге 68 оқушы қатысып, өздерін толғандырған діни сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.