25 Зул-Қағда
ХРОМТАУ: ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ 4452

ХРОМТАУ: ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

23 сәуір 2025 707 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық “Нұр” жасөспірімдер арасында Құран Кәрімді жатқа оқу жарысы өткізілді. Ерік Қонақбайұлының төрағалығымен өткізілген жарысқа 11-ға жуық жас шәкірттер қатысты. Жарыс Құранның 30-шы параларын жатқа айту секілді 1 номинация бойынша өткізілді.

Әділқазы алқасы шешімімен жеңімпаздар анықталып, оларға сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға ынталандыру ретінде бағалы сыйлықтар таратылды.

Жарыс соңында ауыл тұрғындары мен шәкірттер ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, бас имам батасын берді.