Ұстаз көрермендерге жат ағым сипатын айтып берді
Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы “Aqtobe” телеарнасына сұхбат берді. «Жат ағымдардан сақтану жолдары» тақырыбында сұхбат берген Рүстембек Аманғосов қоғамдағы ең өзекті сауалдарға жауап берді. Соның ішінде бүгінгі таңда дін ұстанушылардың, әсіресе, жастар арасында орын алған маңызды мәселелерге тоқталып өтті. Сондай-ақ, жат ағымдарды сырт-келбетіне қарап ажырату мүмкіндігі мен олардың көзқарастарының қоғамға әсері жайлы сөз етті. Одан өзге теріс пиғылды ағысдарға ҚМДБ тарапынан жасалып жатқан іс-шаралар мен жұмыстар турасында да тілге тиек етті.