Шәкірттер арасында спорттық сайыс өтті
Ақтөбе қалалық "Досжан Хазірет" мешітінің ұстазы Ақнұр Төлениязованың ұйымдастыруымен
" Тән саудың - жаны сау" атты спорттық сайыс өтті. Сайысқа Мәртөк ауданының мешіті, Ақтөбе облыстық орталық "Нұр Ғасыр" мешіті, "Қайырқожа" мешіті және "Досжан Хазірет" мешітінің шәкірттері бақ сынасты.
Сайыс спорттың үш түрінен өтті : үстел теннисі, тоғызқұмалақ, және арқан тартыс.
Тартысты да көңілді өткен спорттық додада
Ақтөбе облыстық Нургасыр мешіті - 1 орын
Досжан Хазірет мешіті- 2 орын
Қайырқожа мешіті - 3 орын
Ал,т Мартөк аудандық мешіті ынталандыру сыйлығын иеленді
Барлық қатысушыларға марапаттау қағазы мен сыйлықтар табысталды.
Шараға қатысушылар ұйымдастырушыларға рахмет айтып, осындай жарыстарды жиі ұйымдастырылып тұрса деген тілектерін білдірді.
"Досжан Хазірет"мешітінің жамағаты келген қонақтарға дастархан жайып, қонақжайлылығы мен ұйымшылдығын көрсетті.