Ақтөбеде XV республикалық Құран байқауының жеребе тарту рәсімі өтті 6652

Ақтөбеде XV республикалық Құран байқауының жеребе тарту рәсімі өтті

04 қыркүйек 2026 24 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе қаласында XV республикалық «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу» байқауының жеребе тарту рәсімі өтті.

Жеребе тарту рәсімінде байқауды ұйымдастырушылар – қариларға байқау шарттары мен ережесін қосымша ескертіп өтті. Екі күнге жалғасатын байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 80 үміткер қатысуда. Аймақтық іріктеу кезеңдерінен үздік шыққан сайыскерлер 4 аталым, яғни Құран Кәрімнің 10, 20 және 30 парасын жатқа оқу, сондай-ақ мәнерлеп оқу бойынша сынға түспек. Бүгінгі жеребе тарту рәсімі барысында үміткерлердің реттік нөмірі белгілі болды.

Қарилар байқауы 5-6 қыркүйек күндері Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» орталық мешітінде өтеді және жалпы көрерменге Діни басқарманың «Муфтият ҚМДБ» YouTube-арнасынан және «МұнараТВ» телеарнасынан тікелей көрсетілім ұсынылады.

Тікелей эфир сілтемесі: https://www.youtube.com/live/n4IiU_YXoJM?si=nNafin4yfYcN9kBL 

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі