«Мәңгілік өнеге – Мұхаммед» атты шара өтті 6646

«Мәңгілік өнеге – Мұхаммед» атты шара өтті

31 тамыз 2026 518 Оқу 1 минут

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген Мәуліт айының құрметіне орай Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешітінің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлының мұрындық болуымен Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншілікті арттырып, сүннетті жандандыру мақсатында жамағатқа арнап дастархан жайылып, рухани бас қосу ұйымдастырылды. 

«Мәңгілік өнеге – Мұхаммед» атты тағылымды жиында мешітіміздің бас имамы Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен алынған ғибратты оқиғалар мен өнегелі сүннеттер жайында насихат айтып, Пайғамбар жолын қазіргі уақытта қалай ұстануға болатыны жөнінде кеңінен түсіндірді.

Одан өзге бас имам мен наиб имам Қайрат Имағанбетов мәуліт жырын оқыды.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі